18:55, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Чехияда биатлоннан Әлем чемпионатының ерлер арасындағы жекелей сыны өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияның Нове Место қаласында өтіп жатқан биатлоннан Әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сыны өтіп жатыр.

Онда сайсықа түскен 136 спортының арасында 4 қазақстандық бар. Олар №21 Диас Кенешов, №45 Ян Савицкий, №87 Сергей Наумик пен №136 Александр Червинков. Кеше әйелдер арасындағы бұл додада №34 Алина Райкова 46-шы, №64 Дария Усанова 69-шы, №109 Марина Лебедева 74-ші, №80 Елена Хрусталева 75-ші сатыға табан тіреді. Енді ертең әйелдер арасындағы, ал арғы күні ерлер арасындағы эстафеталық жарыстар өтеді. 7 ақпан күні басталған Әлем чемпионаты жексенбі күні масс-старт сынымен аяқталмақ. Әзірге онда қазақстандықтар үздіктер қатарынан көріне алмауда.