Чехияда екі жолаушылар пойызының соқтығысуынан ондаған адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Чехия Республикасының оңтүстігіндегі Злив қаласына жақын жерде бейсенбі күні таңертең екі пойыз соқтығысып, салдарынан 42 адам зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты
Фото: x.com/RAILMARKETCOM

Құтқару қызметтеріне сілтеме жасаған Чехия теледидарының хабарлауынша, бес адам ауыр жарақат алып, жергілікті ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 6:15-те (Гринвич уақыты бойынша 05:15-те) болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Пойыздардың бірі экспресс, екіншісі қала маңына қатынайтын пойыз болған. Екі пойызға да «Чех темір жолдары» компаниясы қызмет көрсетеді.

Оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Айта кетейік, Словакияда екі пойыз соқтығысып, 100-ге жуық адам зардап шеккенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар