Чехияда екі пойыз бетпе-бет соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехияда жолаушылар және жүк пойыздарының соқтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды ČT24 телеарнасы.

Чехияда екі пойыз бетпе-бет соқтығысты

Жарақат алғандардың бірі ауыр жағдайда. Жолаушылар пойызында 15-ке тарта адам болған. Часлав мен Тршемошнице арасындағы темір жол қатынасы тоқтатылды. Пойыздардың орнына автобустар жүруде. Олардың неліктен соқтығысқаны әзірше белгісіз. Бірнеше болжам қарастырылуда. Апат машинистің қателігінен де болуы ықтимал.