Чехияда ерекше жылы, мұндай ауа-райы соңғы жүз жыл ішінде болмаған
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Чехияда қазан айының соңында ауа райы ерекше жылынып, жүз жылдық температура рекордын жаңартты.
ЧТК Чехия ақпарат агенттігі хабарлағандай, Прагада сынап бағанасы 25,9 градус жылылыққа дейін көтерілді.
Ал 23 градус жылы болған Ческ-Будеевиц қаласында сынап бағанасы 22,1 градусқа дейін жоғарылап, 1927 жылғы рекордтан асып түсті.