Чехияда Х ғасырға тиесілі 700 тиын табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ортағасырлық 700 тиыны бар қазына Прага маңынан табылды. Бұл туралы Лента.ру Пардубице қаласындағы Шығыс-чехиялық мұражайына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Х ғасырдың монеталары жайлы ТАСС агенттігіне мұражай директоры Томаш Либанек әңгімелеп берді. «Бұл күміс - чехиялық динариялар. Әр монетаның салмағы орташа алғанда шамамен 0,5 граммды құрайды. Олар төлем құралы ретінде ортағасырлық чехиялық мемлекетімен сауда байланысында болған Новгород және Киев Русь жерінде пайдаланылды», - деді ғалым.
Қазынаны 2015 жылы қараша айында тапқан, алайда ол туралы қаңтар айында ғана жарияланды. Қазынаны тапқан адамға 2 миллион крон сыйақы берілуге уәде берілді.
Жергілікті заңға сәйкес, қазына табылған аймаққа тиесілі. Монеталар 2016 жылдың күзінде көпшіліктің назарына ұсынылып, Пардубицедегі нумизматтық коллекция мұражайының бөлшегіне айналады.