Чехияда инфляция 18 пайызға жетті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Чехияның статистика басқармасының мәліметінше6 биыл қыркүйекте елдегі инфляция рекордтық көрсеткішке жетіп, 18 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Чехияда инфляция 18 пайызға жетті

Тұтыну бағасы қыркүйекте осы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 0,8% өсті.

Сонымен табиғи газ 15,2 %, электр энергиясы 3,6 %, қатты отын 6,9 %, жылу мен ыстық су 0,8 % қымбаттаған.

Мейрамханалар мен қонақүйлерде қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы 2% өсті.

Тұрмыстық техниканың бағасы - 2,3%, үйді күрделі жөндеуге арналған тауарлар мен қызметтердің бағасы 3,5% қымбаттаған.

Инфляция елдің білім беру секторына да әсер етті. Оқу бағасы - 6,4% (балабақшаларда - 5,7%, жекеменшік орта мектептерде - 6,7%, шет тілін оқыту курстарында - 9,2%) өсті.

Қатты отын бағасы бір жылда 55,8% қымбаттаған.

Чехияның үй шаруасындағы адамдар қазір жалдау ақысы, су, кәріз және жылу үшін айтарлықтай көп төлейді. Азық-түлік бағасының өсімі де өте жоғары.

2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда ет 23,6%, ал сүт, ірімшік және жұмыртқа орташа есеппен 25,8% қымбаттаған.

Бұл 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда бағаның жедел өскенін көрсетеді.


Фото: news.myseldon.com