Чехияда Қазақстан əдебиеті мен мəдениеті орталығы ашылды

Прага қаласындағы бес ғасырлық тарихы бар Клементинум Ұлттық кітапханасы жанынан "Қазақстан əдебиеті мен мәдениеті" орталығының ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға ҚР Чех Республикасындағы елшісі Сержан Әбдікәрімов, консул Азамат Қадыр, бірінші хатшы Мадина Мұратбекова жəне Чехия Ұлттық кітапханасының басшылық құрамы қатысты. Шара барысында Сержан Әбдікәрімов Қазақстан мәдениеті мен əдебиеті, тарихы жəне Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы сөз сөйледі.
«Елші кітапхана ісі, Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы мегажобасының артықшылығы мен жетістігін чех халқына мақтаныш сезіммен жеткізді. Шүкір, бұның бəрі Тәуелсіздігіміздің игілігі. Мен Сəуле Жүсіповамен бірге орталықтың кітаптары мен авторларын таныстырдық. Мұнан соң меморандумға қол қойып, пікір алмастық», - дейді Елдос Тоқтарбай.
Айта кетейік, бұл орталық Прага қаласындағы 2000-нан астам қазақ жастарына, сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.