Чехияда Қазақстан құрамасының теннисшілерін тонап кетті
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының теннисшілері Чехияда ұрылардың құрбаны болды,
деп хабарлайды «Росбалт» агенттігі.
DPA агенттігіне сілтеме жасап «Эхо Москвы» радиостансасының хабарлауынша қылмыскерлер Чехияға Девис Кубогы матчына барған спортшылардың қонақүйдегі нөмірлерін тонап кеткен. Ұрылар өздерімен ақша, электрондық гаджеттерді алып кеткен. Отельден ұрланған заттар 17 мың еуро сомаға бағаланып отыр.
«Новости-Казахстан» агенттігінің хабарлауынша, тек команда мүшелерінің ғана емес, жаттықтырушының да нөмірі тоналған. Қонақүй әкімшілігінің айтуынша, ұрлықты қонақүйде тұратын шетелдіктердің бірі жасауы ықтимал.
Девис Кубогы (Davis Cup) - Халықаралық теннис федерациясы жыл сайын ерлер арасында өткізетін ірі халықаралық командалық жарыс.