Чехияда мас полицей 51 көлікті зақымдады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прагада полиция қызметкері Карел Кадлец тұрақта тұрған 50-ден астам көлікті қасақана қиратты.
Кей көліктерді ер адам бірнеше рет соққан. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді, деп хабарлады BBC. Ұсталған полицейдің қанынан бір промилле ішімдік анықталды.
Осыған дейін Кадлец бұған ұқсас оқиға бойынша ұсталған.