Чехияда мигранттардың ағыны себебінен тұрғындар саны 10,54 млн. адамға көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көші-қон Чехия тұрғындары саны көбеюінің негізгі себебі болды. Бұл туралы Чехия статистикалық басқармасының таратылған кеңесінде айтылған, деп жазады ТАСС.

Чехияда мигранттардың ағыны себебінен тұрғындар саны 10,54 млн. адамға көбейді

«Ағымдағы жылдың бірінші жартысында республикада тұратын азаматтар саны 10 541 500 адамға дейін өскен. Тұрғындар саны 3,2 мың адамға көбейген. Республикада 54,2 мың бала дүниеге келді. 57,6 мың тұрғыны қайтыс болды. Елге 18 мың шетелдік азамат кіріп, 11,4 чех және шетелдік азамат басқа жаққа қоныс аударған. Осылайша, Чехия қоғамы көші-қон арқылы өсіп келеді», - делінген құжатта. Фото: AFP