Чехияда парламенттік сайлау жалғасуда
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Чехияда кезектен тыс парламенттік сайлаудың екінші күні өтіп жатыр.
Жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, сайлауда социал-демократиялық партия көш бастап тұр деген мәліметтер айтылуда.
Айта кетейік, тамыз айында Чехияда жемқорлық дауы өршіп, оның нәтижесінде елдің премьер-министрі Петр Нечас отставкаға кетті. Ал парламент таратылған болатын. Осы орайда Президент Милош Земан мерзімінен бұрын сайлау өткізуді тағайындаған еді.