16:42, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Чехияда пойыздар соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең Чехияда жолаушылар пойыздары соқтығысып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқыс оқиға Ротава қаласы теміржол вокзалынан 200 метр қашықтықта орын алды.
Бетпе-бет соқтығысу ақырын жүріп бара жатқан кезде болды. Көлік басқармасы полициясы апатқа байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Соқтығысу орын алған жолды бақылауды Train Regio жекеменшік компаниясы жүргізеді. Жексенбіде осы, Германияға тартылған теміржол тармағында араға бір сағат уақыт салып екі пойыздан жүріп жатыр.