Чехияда шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Чехияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.
Novinky ақпараттық порталының мәліметінше, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Бенешов қаласына қарасты Вранов ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қолайсыз ауа райы салдарынан ұшқыш әуе кемесін басқара алмай қалған.
Апаттың нақты себебін сарапшылар мен полиция өкілдерінен құралған арнайы комиссия анықтайды.
Айта кетейік, бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында әскери офицерлер мінген ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған еді.