Чехияда слесарь жұмысқа баратын ұшақ жасап алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехиядағы слесарь Франтишек Хадрава екі жыл ішінде жұмысына 7 минутта жеткізетін ұшақ жасап алған, деп жазады Daily Mail.
Ол бұрын осы аралықты көлікпен 14 минут жүріп өтетін. Жобаны іске асыру үшін ол 100 мың крон - шамамен 4,1 мың доллар жұмсаған.
Әуе көлігіне құрастырып алуға ыңғайлы американың бір моторлы ұшағы негіз болған. Оған жергілікті Verner компаниясының 3-цилиндрлі моторы олрнатылған.
Ұшақ бір сағатта 6 литр жанармай шығындайды және сағатына 150 километр жылдамдықпен ұшады. Хадрава жұмысына тіке ұшса 4-5 минутта жетуге болады дейді, алайда ол адамдарға кедергі жасамас үшін кей жерлерді айналып өтеді.
Негізгі кемшілік - ұшақ тек күн райы ашық күндері ғана әуеге көтеріледі. Сонымен қатар, оны ұшатын алаңға жеткізу, қанаттарын құрастыруға кететін уақытты есепке алса 7 минуттан асып кетеді.
Франтишек Хадрава бұрыннан бері ұшаққа қызығады, ол бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің Fokker Dr. I жойғышын өз қолымен жасап алған.