01:35, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Чехияда жарты жыл бойы жүрексіз өмір сүріп келген ер адам қайтыс болды
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Чехияда жарты жыл бойы жасанды жүрекпен өмір сүріп келген 37 жасар ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Век.ру.
Оның жүрегі бірегей ота нәтижесінде трансплантантқа алмастырылған болатын. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, өлімге себеп болған жасанды жүрек емес, бауыр ауруы.
Чехиялық өрт сөндіруші Якуб Халиктен үстіміздегі жылдың сәуір айында дәрігерлер қатерлі ісік тапқан және ота жасау кезінде оның жүрегін екі сорғымен алмастырады. Халикке дейін мұндай ота АҚШ азаматына ғана жасалған, ол жасанды жүрекпен 1 жыл өмір сүрді.