Чехияда жарылыстар болуы қаупіне байланысты вокзалдар мен қоғамдық орындарда эвакуация жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық вокзалдар мен қоғамдық орындарда жарылыстар болатындығы жөніндегі анонимді хабарламалардан кейін Прагада, Пльзень және Пардубицеде эвакуация жүріп жатыр.

 Чехияда  жарылыстар болуы қаупіне байланысты вокзалдар мен қоғамдық орындарда эвакуация жүріп жатыр

Бұл туралы бүгін Полиция төралқасының өкілі М. Яновскийге сілтеме жасаған Чехия радиосы хабарлады.

«Қауіпсіздікке байланысты қай жерде, қандай шаралар қабылданып жатқанын айта алмаймын», - деген Яновскийдің сөзін келтіреді РИА Новости.