08:51, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Чехияда жер сілкінді
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Чехияның батысында Хеб қаласының маңында 2,5 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.
«Күні бойы бірнеше жер дүмпуі сезілді. Оның ең жоғары қуаты 2,5 балл болды», - деп хабарлады чехиялық ЧТК ақпарат агенттігі.
Чехия Ғылым академиясы геофизика институтының өкілі Йозеф Горалектің айтуына қарағанда, жақын арада бұдан күштірек бірнеше жер дүмпуі болуы ықтимал. Айта кеткен жөн, Чехияда 1985 жылы 21 желтоқсан күні соңғы 4,6 балдық қатты жер сілкінісі болған. Ал Новый Костел аумағында (Чехияның батысы) 2011 жылдың тамызы мен қыркүйек айларында жер асты дүмпуінің күші 3,8 балды құраған.