Чехияда жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехияның Шлукнов қаласында темір жол өткелінде жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып қалды.
Апат салдарынан 12 адам зардап шекті: пойыз машинисі мен 11 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
ТАСС -тың хабарлауынша, төтенше оқиға жарты миллион евроға жуық шығын келтірген.