18:00, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Чехиядағы ATP турнирiнде Кукушкин ширек финалға өттi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшi Михаил Кукушкин Чехиядағы ATP турнирiнiң екiншi айналымында тағы бiр қазақстандық спортшы Александр Недовесовпен кездесiп, 5:7, 6:1, 6:3 есебiмен жеңiске жеттi, деп хабарлайды sports.kz.
Жалпы сыйақы қоры 106,5 мың еуро болатын Простеевтегi "Челленджер" сериясындағы турнирдiң ширек финалында М. Кукушкин чехиялық Иржи Веселы мен бельгиялық Джермейн Гигуньон арасындағы кездесудiң жеңiмпазымен ракетка түйiстiредi.
Бұның алдында Кукушкин Чехия өкiлi Ян Хернышты 2:6, 7:6, 6:3 есебiмен тiзе бүктірген еді. Ал Недовесов бiрiншi айналымда Монако теннисшiсi Бенджамин Баллереттi 6:4, 6:1 есебiмен қапыда қалдырды.
Ширек финалға шыққан Кукушкин өзiне 3 мың 100 еуро сыйақы мен ATP рейтингiсiнiң 25 ұпайын еншiлеп үлгердi.