Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Чехиядағы додада үш боксшымыз финалға шықты

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Чехияда бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына үш қазақ боксшысы шықты, деп хабарлайды «Аламан».

Чехиядағы додада үш боксшымыз финалға шықты

Лондон Олимпиадасына қатысқан Ілияс Сүлейменов жартылай финалда сербиялық Милош Балтичтен басым түсті - 16:8. Енді ол Май Кинксиксянмен «алтынға» таласады.

81 келіде Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қытай Менг Фанлонгты 14:7 есебімен жеңіп, финалға шықты. Ол енді голландиялық Петер Мулленбергпен күш сынасады.

Аса ауыр салмақта Иван Дычко ресейлік Еуропа чемпионы Магомед Омаровты ұтты - 13:12. Енді ол Армения боксшысы Армен Симонянмен бас жүлдеге таласады. Финалдық кездесулер бүгін, 16 наурызда өтеді.