Чехиядағы қоян-қолтық ұрыс бойынша Еуропа чемпионатының Кубогында қазақстандық күміс жүлдеге ие болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық жарыстың жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметінен.

 Чехиядағы қоян-қолтық ұрыс бойынша Еуропа чемпионатының Кубогында қазақстандық күміс жүлдеге ие болды (ФОТО)

«Брно қаласында (Чехия) өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша Еуропа Кубогының ашық чемпионаты 10-нан астам елдің спортшыларын жинады.  50 келіге  дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Молдова, Польша және т.б. елдердің спортшыларын жеңіп (7 жеңістен кейін), финалға шықты.

Финалда Қымбат ресейліктен жеңілді», - деп атап өтті ҚАЖ республикалық ведомствосында.  

«Еуропа Кубогының чемпионатында екінші орынға ие болу, ҚАЖ қызметкері  Қымбат Ахметтің халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындауға жол ашты», - деп қосты ҚАЖ Комитетінде. 

null null