Чехиядағы президент сайлауы: Петр Павел жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Чехиядағы президент сайлауында Пётр Павел жеңіске жетті. НАТО-ның отставкадағы генералы 58,32% дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
None

Барлығы 15 мың учаскедегі дауыстарды санау аяқталды, сайлауға қатысушылардың саны 70%-дан асқан.

«Бұл сайлауда ақиқат, абырой және сыйластық жеңіске жетті», - деді Пётр Павел өзінің жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

Ал, миллиардер әрі бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш жеңілгенін мойындады. Оны сайлаушылардың 41,67%-ы қолдаған.

Сонымен, 61 жастағы саясаткер Пётр Павел 9 наурызда Прагада ант қабылдайды. Ол Милош Земанның орнына келеді.

Бұған дейін Чехияда Президент сайлауы өтіп жатқаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар