Чехияның экс-президентіне әдебиет сыйлығы тапсырылды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Чехословакияны басқарған (1989-1992) және тәуелсіз Чехияның тұңғыш президенті (1993-2003) болған Вацлав Гавелге Франц Кавка атындағы әдебиет сыйлығы берілді, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Чехияның экс-президентіне әдебиет сыйлығы тапсырылды

Сыйлықтың қазылар алқасы Гавелдің чех әдебиетіне ғана емес, бүкіл еуропалық әдебиетке қосқан үлесін атап өтті. Өзінің саяси мансабы басталғанға дейін Гавел жазушы және драматург ретінде белгілі болды.