17:25, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Чехияның Конституциялық соты Лиссабон шартын таныды
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Чехияның Конституциялық соты елдің конституциясына сай келетін Лиссабон шартын таныды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім Еуроодақты реформалау туралы құжатқа қол қою жолындағы соңғы кедергіні жояды. Енді шартқа реформаға қырын қарап отырған - Чехияның президенті Вацлав Клаус қол қоюы тиіс.
Чехия шартты ратификациялау үдерісін аяқтамаған соңғы ел екенін естеріңізге саламыз.