Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Чехияның Швейцариядағы елшісі әйелінің твиттері үшін қызметінен кетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехияның Швейцария мен Лихтенштейндегі елшісі Карел Борувков Чех ІІМ-нен хабарлама алды. Бұл хабарламада елші сәуір айының соңына дейін қызметінен өз еркімен кетуі тиіс екендігі жазылған.

Чехияның Швейцариядағы елшісі әйелінің твиттері үшін қызметінен кетуі мүмкін

Ведомство басшысы Лубомир Заоралек елшіні Twitter-де сыни пікірлерін жариялап жүрген әйеліне сөзі өтпейтінін айтып, кінәлады. Бұл туралы Vesti.az-ға сілтемемен «Хабар 24» хабарлады.

Елшінің әйелі Алена Борувкова да, елшінің өзі сияқты, ІІМ басшысы Лубомир Заоралек те Чехияның социал-демократиялық партиясының белсенді қайраткерлері. Тіпті Борувкова кезінде партия төрағасының орынбасары қызметіне үміткер болған.

Соңғы кездері Борувкова әлеуметтік желілерде белсенділік танытып жүр. Тіпті еш ойланбастан партиялас әріптестеріне тіл тигізіп, саясаткерлер мен тілшілерге қатаң сын айтып, пікір білдіріп жүр. Соңғы сөз Чехия президенті Милош Земанда.

Заңға сәйкес ел президенті елшілерді қызметтен босату және қызметке тағайындауды бекітеді.