Челахтың қорғаушысы Психиатрия орталығын сотқа берді

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» бекетінде шекарашыларды өлтірді деген айып тағылып отырған

Челахтың қорғаушысы Психиатрия орталығын сотқа берді

және қазіргі уақытта  Алматыдағы Психиатрия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығында тексеруден өтіп жатқан әскери қызметкер Владислав Челахтың қорғаушысы орталықтың бас дәрігері Наталья Логачеваны сотқа берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Челахтың адвокаты Төлеген Берліқожанов мәлім етті.

Арыз 19 шілде күні Алматы ауданының сотына берілді. Қорғаушының сөзіне қарағанда, орталық Челахтың конституциялық құқықтарын бұзып отыр және адвокаттық қызметке кедергі келтіруде. «Қорғаушы ретінде біз оған заңды көмектерді көрсете аламыз, олар оған кедергі келтіруде. Бізді қорғалушыға кіргізбеуде. Сараптама, әрине құпиялы түрде өтеді, бірақ оның (автор - Челахтың) бос уақыты бар. Олар таңертеңнен кешке дейін сараптама жасамайды ғой. Оны серуендеуге және тамақ қабылдауға шығарып отырады», - деп атап өтті Берліқожанов.

Оның сөзіне қарағанда, сәлем-сауқат беру және заңгерлердің кеңестері заңмен рұқсат етілген. Бірақ бұған жол берілмеуде. Ол сондай-ақ, Челахпен қайта көрісу үмітімен Алматыға келген туысқандарын,  жолығуға рұқсаттың берілгенін күтуден басқа амал қалмай отыр. Адвокаттың айтуынша, психиатриялық сараптаманың нәтижелерін жариялау 10 күнге шегерілетіні не оның ертерек жасалатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, 19 шілде күні Психиатрия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Сағат Алтынбеков Челахтың психиатриялық сараптамасының қорытындысын жариялау 10 күнге шегерілетіндігін мәлім етті. Оның себебі сарапшылар қосымша құжаттарды талап еткен, ал олар тек 17 шілде күні ғана келді.