«Челси» футболшысынан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондондық «Челсидің» 19 жастағы шабуылшысы Каллум Хадсон-Одои коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ойыншымен байланыста болған «Челси» құрамасы енді Англия Үкіметінің директиваларына сәйкес оқшауланады. Каллуммен тығыз байланыста болмаған адамдар жақын күндері жұмысқа оралады деп күтілуде. Оқу орталығының кіруге арналған бір бөлігі жабық болады.

9 наурызда Каллумнан суық тию белгілері байқалған, содан бері ол жаттықтыру сабақтарына қатыспаған. 12 наурызда оның COVID-19 вирусына тесті оң нәтиже көрсетті.

«Біз Каллумның тез жазылып кетуін тілейміз, клубқа оралуын асыға күтеміз», — делінген «Челсидің» ресми мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталған болатын.

Ал белгілі футболшы Криштиану Роналду карантинге жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар