07:55, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
«Челси» Хиддинктің жетекшілігімен бірінші матчын жеңді
ЛОНДОН. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - «Челси» Гус Хиддинктің жетекшілігімен Чемпиондар лигасындағы өзінің бірінші матчын жеңді.
Олар өз алаңдарында турнирдің 1/8 финалы аясында итальяндық «Ювентусты» 1:0 есебімен жеңді. Жеңісті Чемпиондар лигасы аясында осымен өзінің 50-ші кездесуін өткізген Дидье Дрогбаның добы алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап.