«Челси» командасының өткен маусымдағы шығыны $128 млн-ды құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Англияның «Челси» командасының 2018/19 маусымдағы шығыны 128 миллион долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Аталған клубтың бұл қаржылық жағдайы «Челсидің» өткен маусымда Чемпиондар лигасында ойнамауына, сондай-ақ Бас бапкер Антонио Контеге өтемақы төлеуге, өзге де ойыншыларға ауқымды қаржының төленуіне байланысты болған.

Ал өткен маусымдағы клубтың кірісі 82 миллион долларды құраған.

Еске сала кетсек, өткен маусымда «Челси» Англия чемпионатында үшінші орын, ал Еуропа Лигасында жеңімпаз болды.






Соңғы жаңалықтар