«Челси» мен «Ювентус» ойыншысы болған Джанлука Виалли өмірден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері болған Джанлука Виалли дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
Футболдан Италия құрамасында ойнап, Әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері атанған Джанлука Виалли 58 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Виаллидің өзі жақын араға дейін серіктестікте болған Sky Sports телеарнасы хабарлады.
Бұған дейін Виаллиде ұйқы безінің қатерлі ісігі анықталып, ол 17 айлық химиотерапия курсынан өткен. Ем аяқталған соң, италиялық футболшы сырқатты жеңгенін мәлімдеген болатын.
Фото: Carl Recine/AP