«Челси» ойыншылары УЕФА чемпиондар Лигасында жеңіске жетсе, 350 мың фунттан алады

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Лондондық «Челси» УЕФА чемпиондар Лигасының 2011-2012 жылдардағы маусымында жеңіске жетсе, топ ойыншылары 350 мың фунттан алады - осыны клубтың иесі Роман Абрамович уәде етті, деп хабарлайды Утро.ру.

«Челси» ойыншылары УЕФА чемпиондар Лигасында жеңіске жетсе, 350 мың фунттан алады

Ресейлік миллиардер сыйлыққа 10 млн. фунт стерлингті жұмсауға дайын. Бұған дейін ағылшын баспасөзі Абрамовичтің бас жаттықтырушының міндеттерін атқарушы Роберто Ди Матеоға жарыста жеңіске жетсе, 750 мың фунт беретінін уәде еткенін хабарлаған болатын.