«Челсидің» екі футболшысы «Миланға» ауысуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық «Челсидің» екі ойыншысы итальяндық «Миланға» ауысуы мүмкін, деп хабарлады Goal.com. Бұлар - қорғаушы Эшли Коул мен жартылай қорғаушы Джон Оби Микел.
Екі ойыншы да енді «Миланның» жейдесін киеді. Содай-ақ аталмыш басылымда Коул үшін «Милан» ақша шығындамайды, өйткені оның «Чельсимен» келісімшарты жазда аяқталады. Ал Микел үшін Зеедорф командасына 11,5 миллион фунтқа жуық қаржы төлеуі тиіс.