Челябі метеоритінен 1000 есе ауыр: Жерге ірі астероид жақындап келеді
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 FA22 деп аталатын астероид 18 қыркүйекте Жерге ең жақын қашықтықтан ұшып өтеді. Бұл - биыл бақылауға алынған ең ірі астероидтардың бірі, деп хабарлайды ТАСС.

Зертхананың мәліметінше, аспан денесі Жерден Ай орбитасының диаметріне жуық қашықтықта өтіп, планетаға ең жақын тұсы Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 10.00 шамасында болады.
Ғалымдардың айтуынша, астероидтың орташа ені — 166 метр, ұзындығы — 290 метр.
Ал массасы Челябі метеоритінен шамамен 1000 есе ауыр.
«2025 жылы бұл — планетаға миллион шақырымнан аз қашықтықта өтетін ең ірі тасты дене немесе кем дегенде ең ірілерінің бірі», — дейді мамандар.
Сонымен қатар ғалымдар астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдығы «нөлге тең» екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қытай ғалымдары ғарыштық қалдықтарды жоюдың жолын тапты.