Челябі ғалымдары құлаған метеориттің қалдықтарын тапты

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Урал мемлекеттік университетінің (УрМУ) ғалымдары Шұбаркөл көлінің маңайынан 15 ақпан күні таңертең құлаған метеориттің бөлшектерін тапты.
None
None

Бұл туралы ЖОО-ның ресми блогында жазылды, деп хабарлайды РБК.

Экспедиция университетке табылған заттың бөлшектерін жеткізді. Ғалымдар зертханадан видеотрансляция жасады. Экранда метеориттің суреті бар үш компьютердің мониторы, сондай-ақ «аспан денесінің» кішкентай бөлшегі көрсетілген.

Еске салайық, 15 ақпан күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша сағат 09.23-те Челябі облысының тұрғындары сирек астрономиялық құбылыстың куәсі болды. Облысқа метеорит құлады, соққы толқыны тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік ғимараттардың 100 мың шаршы метрден астам шыныларын сындырды. Оқиға салдарынан 1 мыңнан астам адам зардап шекті.

Дабыл бойынша 20 мыңнан астам жеке құрам аяқтарына тік тұрғызылды, аспан денесінің қалдықтарын іздестіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Көп ұзамай метеориттің бөлшектері табылды.

Соңғы жаңалықтар