Челябі маңында туристер мінген дельтаплан құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Челябі облысында туристер мінген дельтаплан құлады, зардап шеккендер бар.
ТЖМ аймақтық орталығының хабарлауынша, апат жайлы хабар мәскеу уақытымен 17.07-де түскен. Дельтаплан облыстың Сосновский ауданында Мамаево кенті аумағына құлаған.
«Алдын ала мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер бар. Оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.