«Челябі» метеориті жергілікті өлкетану мұражайына қойылды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 18 қазан. ҚазАқпарат - Челябі облысындағы Шұбаркөл көлінің түбінен алынған «Челябі» метеориті енді көпшіліктің назарына ұсынылды. Челябі облысының губернаторы Михаил Юрьевичтің шешімімен «ғарыш қонағы» челябілік мемлекеттік мұражайға орналастырылды.

«Челябі» метеориті жергілікті өлкетану мұражайына қойылды

Метеориттің көлемі - 66,6х88х61 см, салмағы 600 келіге жуық.

Мұражай қызметкерлері маңайдағы радиация деңгейін тексеріп, оның 23 микрорентген, яғни қалыпты нормада екенін анықтады. Таяуда метеорит мұражайдың тұрақты экспозициясы ретінде қойылып, оны келушілердің бәрі дерлік көре алады.

Сонымен бірге, «аспан қонағына» сарапшылар зерттеу жүргізіп, оның қайдан шыққанын нақты анықтайтын болады.