22:55, 20 Қараша 2014 | GMT +5
Челябі метеоритінің жарықшағы Мәскеудегі көрменің басты эскпонаты болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі метеоритінің жарықшағы 23 қаңтар мен 22 ақпан аралығында Мәскеудегі Орталық суретшілер үйінде өтетін «Первозданная Россия» көрмесінің басты экспонаты болмақ, деп хабарлады ТАСС.

«Челябі метеориті Мәскеуге арнайы рейспен жеткізілмек. Көрме қонақтары аспан денесін тамашалап қана қоймай, оны қолымен ұстап көре алады», - дейді ұйымдастырушылар.
Еске сала кетейік, метеорит 2013 жылы 15 ақпанда құлап түскен. Челябі метеоритінің негізгі бөлшегінің салмағы - 654 келі. Оны көтерген кезде бірнеше бөлікке бөлініп қалған. Ең ірі бөлшегі 540 келі болған. Ол Челябі өлкетану мұражайына табысталды.