Челябі-Новосібір тас жолындағы жол апатынан бес адам қаза тапты - ТЖМ

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Челябі-Новосібір тас жолынының 616 шақырымында, Қазақстанның солтүстігіндегі М.Жұмабаев ауданында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Челябі-Новосібір тас жолындағы жол апатынан бес адам қаза тапты - ТЖМ

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол-көлік апаты 26 қараша, сағат 14.00-де «ВАЗ» автокөлігі мен «Вольво» жүк көлігінің соқтығысуынан болған. Жеңіл автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі, оның жолаушылары, 46 жастағы әйел, 22 жастағы жас жігіт пен бойжеткен, сондай-ақ екі жасар сәби оқиға орнында көз жұмған.