Челябі облысында мамонттың азу тісі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі облысының тұрғыны гаражында жерқойма қазып жатып мамонттың азу тісін тауып алды, деп хабарлады спелеоархеолог Владимир Юринге сілтеме жасап ТАСС.

Челябі облысында мамонттың азу тісі табылды

«Оны менің досым Соснов ауданы Ключевка ауылының тұрғыны Юрий Афанасьев тапты. Қазба жұмыстарын бастау үшін бірден сонда аттандым», - деді ол.

Сүйек 2 метр тереңдікте табылған, оның айтуынша, мамонттың жасы шамамен - 20-дан 100 мың жылға дейінгі аралықта. Бұл тістің бөлігі ғана, ұзындығы 184 см, диаметрі - 20 см. Алдын ала бағалау бойынша тұтастай тіс 3,5 метр болуы мүмкін.

Таяуда оны сараптама жүргізу үшін Соснов ауданы өлкетану мұражайының мамандарына тапсырмақ.