Челябі облысында метеориттің 3,5 келі сынығы табылды

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Челябі облысының тұрғыны Алексей Усенов метеорит сынығын тауып алды.
None
None

«Маяк» радиосының хабарлауынша, ол Тимирязев елді мекені аумағынан тауып алған салмағы 3,5 келілік фрагменттің анық метеорит екендігін дәлелдеу үшін жергілікті мемлекеттік университетке сараптамаға өткізген.

ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бөлшекке рентгендік-құрылымдық сараптама жасалуда. Қазіргі аталған зат бұған дейін метеорит екендігі нақтыланған фрагментке ұқсайтындығы белгілі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар