Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Челябіде екі жас қазақстандық суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан Челябі қаласына қонаққа барған 20 жастағы қыз бен 23 жастағы жігіт су қоймасында екеуара ауа толтырылған матраспен жүзіп жүрген.

Челябіде екі жас қазақстандық суға батып кетті

Арада біраз уақыттан кейін олардың туыстары бос матрасты ғана көрген. Суға батқандардың мүрделері тек үш күннен кейін ғана табылды, деп хабарлайды Доступ1.

Шершневск су қоймасында батып кеткен жастардың мүрделерін челябілік құтқарушылар тапқан.

Бұл қайғылы оқиға 20 тамызда Сосновский ауданындағы Западный кентінде орын алды.

Келген құтқарушылар суға батқандардың денесін бірден таба алмады. Тек 23 тамызда ғана Челябі қалалық құтқару қызметінің сүңгуірлері олардың денелерін судан алып шықты.