Челябіде көлік биіктігі 10 метрлік көпірден темір жолға құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябіде 3 желтоқсанда жүргізуші қаза тапқан жол-көлік оқиғасы орын алды.
Оқыс оқиға сағат 11:55 Исаково кентінің маңындағы Троицк жолында орын алды. 33 жастағы ер адам басқарған ВАЗ-21011 көлігі көпірден шығып кетіп, шамамен 10 метр биіктіктен темір жолға құлады.
Көлік көпірдің қоршауларын бұзып, рельстерге құлағаны хабарланды. Апат салдарынан жүргізуші көз жұмды. Оқиға орнына келген құтқарушылар темір тұлпардан жүргізушінің мәйітін алып шықты, деп жазады Nation-news.ru.