Челябінің аспанында метеориттік жаңбырдың салдарынан жарылыс болды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Челябінің аспанында жарылыс болды, деп хабарлады РБК. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, бүгін Челябі облысында метеориттік жаңбыр жауды.
None
None

«Ғарыш мониторингінің құралдары атмосфераның төменгі қабатында жарқылды тіркеді, бұл - метеориттік жаңбыр», - деді Ресей ТЖМ ақпараттарды басқару басшысының орынбасары Елена Смирных.

Утро.ру хабарланғандай, оқиғаның салдарынан Челябіде биік ғимараттардың терезелері шытынады.

«Аумақ зерттелуде. Қаза болғандар мен қираулар жоқ. Тұрғындардың өміріне және денсаулығына еш қауіп-қатер төніп тұрған жоқ», - деді Смирных.


Соңғы жаңалықтар