Чемпиондар лигасы: БИІК пен «Ақтөбе» әйелдер клубы екінші ойынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасында қазақстандық БИІК (Шымкент) пен «Ақтөбе» командалары екінші ойынын өткізеді.

Чемпиондар лигасы: БИІК пен «Ақтөбе» әйелдер клубы екінші ойынын өткізеді
Фото: Kffleague.kz

Алдымен шымкенттік клуб сағат 14:00–де Словакияның «Спартак» (Миява) клубымен кездессе, одан кейін 18:00–де «Ақтөбе» Данияның «Норшеланн» командасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын БИІК UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Катовице», «Ақтөбе» Италияның «Рома» командасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

БИІК командасы 2009 жылдан бері Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап келеді. 2017, 2018, 2019 жылдары 1/8 финалға дейін жетті.

Шымкенттік клуб ел біріншілігінде 13 мәрте чемпиондық атақты жеңіп алды. Ал «Ақтөбе» 2014 жылдан бері ел біріншілігінде бақ сынап жүр. 2024 жылы күміс жүлдегер атанса, 2018 жылы қола медаль алған еді. Биыл еурокубок ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Финалдық ойындар 2026 жылдың мамыр айында Норвегия астанасы Осло қаласындағы «Уллевол» стадионында өтеді.