Чемпиондар лигасы: жартылай финалға кімдер жолдама алады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ¼ финалының алғашқы ойындары 14-15 сәуір күндері өтеді.
Ширек финалға 1/8 финалда қарсыластарын қапы қалдырған «Спортинг», «Арсенал», «Реал Мадрид», «Бавария», «Пари Сен-Жермен», «Ливерпуль», «Барселона», «Атлетико Мадрид» командалары жолдама алған еді.
Бұл кезеңде жанкүйерлер арасында «Реал Мадрид» пен «Бавария», «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Барселона» (Испания) матчтарына ерекше қызығушылық бар.
Олардың арасынан «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Барселона» (Испания), «Бавария» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания) ойындары Қазақстан уақытымен 23:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
14 сәуір
«Ливерпуль» (Англия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) (бірінші ойын 0:2)
«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Барселона» (Испания) (2:0)
15 сәуір
«Арсенал» (Англия) - «Спортинг» (Португалия) (1:0)
«Бавария» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания) (2:1).
Айта кетсек, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады.
Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.