Чемпиондар лигасы - 2020: Финалдық матч Ыстанбұлда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА өкілдері Киевте Чемпиондар лигасының 2020 жылғы финалдық матчы Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік стадионында өтетіндігі туралы мәлім етті, деп  хабарлады Анадолы агенттігі. 

Чемпиондар лигасы - 2020: Финалдық матч Ыстанбұлда өтеді

Чемпиондар лигасының финалдық матчын өткізуге сонымен қатар Лиссабонның «Эштадиу да Луш» аренасы да үміткер болған.

2002 жылы ашылған Ататүрік атындағы Олимпиада стадионы 76 мың орынға есептелген.