Чемпиондар лигасы: «Астана» мен «Спартак» арасындағы ойын тең өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» - «Спартак» арасындағы қарымта кездесу өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпиондар лигасы: «Астана» мен «Спартак» арасындағы ойын тең өтуде

Қазақ елінің төрінде өтіп жатқан теңбіл доп додасының бас қазысы - грекиялық Хараламбос Калогеропулос.

Айта кетерлігі бұл футбол маманы Еурокубок кездесулерінде 2015 жылдан бері қазылық етіп келе жатыр. Ал Хараламбос Калогеропулостың көмекшілері - Трифон Петропулос пен Александрос Гревинис. Қосымша төреші қызметінде - Праксителис Захариадис.

Естеріңізде болса, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Астана» командасы қарсыластарының қақпасына бір гол соғып, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетерлігі, бұл кезеңде жеңіске жетіп, үшінші іріктеу сатысына өткен команда польшалық Легия мен финляндиялық Мариехамн арасындағы кездесудің жеңімпазымен жасыл алаңда кездесетін болады. Бұл екі команда ертең бақ сынайтын болады.