03:26, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
Чемпиондар лигасы: Бірінші жартылай финалдық матчта «Реал» «Баварияны» сүріндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реал» командасының футболшылары Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалдық матчында Мюнхеннің «Бавария» командасынан басым түсті.
Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды, деп жазады Vesti.kz. Жалғыз голдың авторы - 19 минутта қарсыластарының қақпашысын қапы қалдырған Карим Бензема.
Айта кетер болсақ, қарымта ойын 29 сәуірде Мюнхенде өтеді.