Чемпиондар лигасы: Месси «Арсеналға» екі рет гол соқты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының 1/8 финалында испаниялық «Барселона» 2:0 есебімен лондондық «Арсеналды» жеңді.Екі голды да аргентиналық Лионель Месси - 71-ші минутта және кейін пенальтиде 84-минутта соқты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Чемпиондар лигасының тағы бір кездесуінде мюнхендік «Бавария» туриндік «Ювентусты» жеңе алмады. Ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Томас Мюллер Бундеслига чемпиондарын бірінші таймның соңына жақын алға сүйреді, ал 55-ші минутта Арьен Роббен есепті 2:0 қылды. Дегенмен, «Ювентус» ойыншысы Пауло Дибала қарымта гол соғып, ойынның 76-шы минутында Стефано Стураро есепті теңестірді.