Чемпиондар лигасы: «Неміс машинасы» «Арсеналды» таптап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің «Бавариясы» ағылшынның «Арсеналын» Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы кездесуінде тас-талқан етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпиондар лигасы: «Неміс машинасы» «Арсеналды» таптап кетті

Кездесу ақпанның 15-інен 16-сына қараған түні Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтті. Ойын 5:1 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталған. 11 минутта «Бавария» ойыншысы Арьен Роббен салған бір допқа ағылшындар алғашқы таймның аяғына қарай жауап қайтарып үлгерген.

Алайда 2 таймда ешкім күтпеген оқиға болды. 53 минутта Роберт Левандовски есепті еселеді. Араға 3 минут салып (56 минутта) Тиаго Алькантара екінші жауапсыз голды қақпаға тулатқан еді. Дәл осы ойыншы қарсыластың есін жыйдырмастан 63 минутта дубль авторы атанды. Оған қоса оның 88 минутта Томас Мюллерге берген пасы да голға айналып, ойын тағдырына түбегейлі нүкте қойылды. Есеп 5:1. 

Сондай-ақ, ЧЛ-дың 1/8 финалы аясында испандық «Реал Мадрид» италиялық «Наполиді» 3:1 есебімен жеңді. 

«Бавария» - «Арсенал» және «Реал Мадрид» - «Наполи» командаларының қарымта кездесулері Қазақстан уақыты бойынша наурыздың 7-інен 8-іне қараған түні өтеді.